Жаңалықтар

Перлис университетінің Канцлері ҚазҰУ-да

25.11.2017

Перлис университетінің Канцлері әрі Малайзияның мұрагер ханзадасы Туанку Саид Файзуддин Путра Ибни Туанку Саид Сираджаддин Джамалуллайл бастаған Малайзия делегациясы ҚазҰУ-ға ресми сапармен келіп қайтты.

Екі жақты кездесу Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кеңесі барысында өтіп, оған екі елдің  ғалымдары, ұстаздары және  студенттері қатысты.

ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов: «Малайзия делегациясының бүгінгі сапары Қазақстан мен Малайзия арасындағы білім беру мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай серпін береді. Малайзия Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында технологиясы мен экономикасы қарқынды дамыған елдердің көшбасшыларының бірі. Мұндай жағдай білім беру, ғылым және жаңа технологиялар саласындағы өзара тиімді табысты ынтымақтастықты дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер береді»,- деді.

ҚазҰУ ректоры Малайзия ханзадасы мен қырық адамнан құрылған делегация мүшелеріне ҚазҰУ университеті қызметінің бағыттары мен жеткен жетістіктері жайында  баяндап, бірнеше жылдан бері университеттің БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» тұрақты даму бағдарламасының жаһандық хабын табысты жүзеге асырғандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ Ғалым Мұтанов: «Біз халықаралық ынтымақтастықты қарқынды дамытудамыз және Перлис университетімен жоғары білікті кадрларды даярлау, академиялық ұтқырлық және ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру бойынша бірлескен жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға дайынбыз», - деп атап өтті.

Кездесу барысында Перлис университетінің Канцлері «біздің сапарымыздың мақсаты – білім беру көшбасшысы болып табылатын ҚазҰУ сияқты қазақстандық университеттерімен және Орталық Азия ЖОО тығыз байланыс орнату»,- деп, университет жетістігіне тәнті болып, ҚазҰУ басшылығына жылы лебізін білдірді.

        Перлис университетінің проректоры Фо’ад Бин Сакдан кездесуге қатысқандардың назарына университеттің білім беру бағдарламалары туралы бейнеролик көрсетіп, ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері тарапынан қойылған сұрақтарына жауап берді. 

Кездесу соңында тараптар академиялық алмасу, ғылыми тәжірибе, біріккен білім беру және қос дипломдық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу, ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Шара барысында делегация құрамы «Керемет» СҚО, жағдаяттық басқару орталығы, кітапхана және ҚазҰУ мұражайында болып, кампусты аралады.  

 

 

Баспасөз қызметі