Жаңалықтар

«Қазіргі заманғы түркітану»

18.11.2017

ҚазҰУ-да «Қазіргі заманғы түркітану» атты ғылыми-әдістемелік конференция болып өтті.

Конференцияға халықаралық түрксой ұйымының бас хатшы орынбасары Фырат Пурташ, халықаралық түркі академиясының өкілі Жанат Момынқұлов, Стамбул университеті ректорының кеңесшісі Өзжан Табаклар, түркі тілдес республикалардың Қазақстандағы елшіліктері мен консулдықтары, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы жанындағы түркі тілдес мәдени орталықтар өкілдері және түркітану саласын зерттеп жүрген белді ғалымдар қатысты.

Шараның мақсаты ұзақ ғасырлар бойы түркі тектес халықтардың ертеден қалыптасқан ортақ мәдениеті мен достық қарым-қатынасын одан әрі нығайту. Бүгінде түркі дүниесінің рухани мұрасы, оның сан ғасырлық мәдениеті әлемдік өркениеттің бір бөлігі болып табылады. Түркі  халықтары түрлі тарихи қиындықтарға қарамастан өзіндік ерекшелігін сақтаған, әрі бүгінде әлемдік мәдени даму үрдісіндегі түркі халықтарының орны мен рухани болмысын айқындап отыр.

Шара барысында қатысушылар ҚР президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ашып көрсетілгендей, латын әліпбиінің кейбір түркі тілдес республикаларда қолданылу ерекшеліктерін, қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудегі өзге де өзекті мәселелерді талқыға салынды.