Жаңалықтар

Жаңа гуманитарлық білім беру методологиясы

02.12.2017

Жаңа гуманитарлық білім беру методологиясы

Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаңа гуманитарлық білім берудегі педагогикалық методология» атты V Жас оқытушылар мектебі өтті. 

Семинар жұмысына университеттің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері филологиясы, жалпы және этникалық педагогика және тарих факультеті кафедраларының профессор-оқытушылары қатысты. 

Кафедрада жыл сайын Жас оқытушы мектебі аясында жоғары мектеп педагогикасы бойынша семинар-тренингтер курсын өткізеді. Біліктілікті арттыру курсы күндері Алматы қаласы жоғары және орта білім беру мекемелерінен жүзге жуық ұстаздар, мамандар біліктілігін арттырды.

 

А.Ә. Құрманбаева, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті