- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Қазақстандағы Тұрақты Даму Мақсаттары телевизия кадрынан тыс
05.12.2017Қазақстандағы Тұрақты Даму Мақсаттары телевизия кадрынан тыс
Жуырда журналистика факультеті ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Әл-Фараби атындағы кітапхана ғалымдар клубында Қазақстандағы БҰҰ және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастық аясында Дүниежүзілік телевизия күніне орай «Қазақстандағы тұрақты Даму мақсаттары телевизия кадрынан тыс» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Ғылыми шара барысында Қазақстан тележаңалықтардағы тұрақты дамудың мақсаттары; Тұрақты даму проблемалары телеобъективтен тыс; Қазақстан өңірлеріндегі цирфлық телевизия мүмкіндіктері мәселелері талқыланды.
Дүниежүзілік телевизия күні — БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынысы бойынша жыл сайын 21 қарашада аталып өтеді. Бас Ассамблея осы Дүниежүзілік күнді бірінші кезекте бейбітшілік, қауіпсіздік, мәдени алмасуларды дамыту, телевизиялық бағдарламалармен алмасуды ынталандыру бойынша атап өтуді ұсынды.
Қазақстандағы алғашқы телевизиялық орталық 1957 жылғы 29 маусымда жұмысын бастады. 1958 жылы 8 наурызда Алматы студиясының алғашқы сынақ нұсқасы жарық көрді. 1983 жылы Республика алаңында жаңа аппараттық-студия кешені пайдалануға берілді. Көк-Төбе жаңа телекоммуникациялық мұнарасы ашылды. 2012 жылдың 30 сәуірінен бастап «Қазамедиа Орталығында» Қазақстандағы барлық ұлттық БАҚ-тың жоғары сапалы хабар таратуын қамтамасыз ету үшін бірыңғай технологиялық платформа іске қосылды.
Шараға ҚР БҰҰ Ақпарат Бюро Башсысы Властимил Самек, ҚазҰУ және Колумбия университеттері арасындағы MDP global classroom бағдарламасы директоры Рафис Абазов, «Қазақстан» ұлттық арнасы журналистері, журналистика факультеті оқытушы-профессорлары, студенттері, магистранттары мен докторанттар қатысады.
Дөңгелек үстөл жұмысы барысында ұсынылған резолюцияда қазақстандық телекорпорациялар мен арналардың қатысуымен практикалық тележурналистика саласында академиялық білім беру ұтқырлығын арттыратын бірлескен жобалар жасау қажеттігі айтылды.
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы