Жаңалықтар

Блазар – Әлемдегі ең жарық жарқыл!

14.12.2017

Блазар – бүкіл Әлемдегі ең жарық жарқыл!

Жуырда физика-техникалық факультетінің мәжіліс залында Қазақстандық ғалым, аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасының доценті - Кеңескен Куратовтың “Nature” журналында жарық көрген мақаласының тұсаукесері өтті.

Бүкіл әлемдеге блазарлардың арасындағы ең жарық жарқылын бақылауға арналған бұл жұмыс, Фесенков атындағы Астрофизика институтымен ынтымақтаса отырып орындалды. Блазар – деп массасы аса жоғары қара құрдыммен байланысты, галактика ортасындағы активті ядроны айтады. Бұл бақылауға әлі де мүмкін болатын, әлемдегі ең алыс объектілердің бірі. Оптикалық бақылаулар Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясының 1.0 метрлік Carl Zeiss телескопы көмегімен жүргізілді.

Байқалған жұлдыз тәріздес көр – CTA 102, Жерден 7000 Мега парсек қашықтықта, Пегас шоқжұлдызында орналасқан. Біздің отандасымызбен тіркелген, жарық ету мезетіндегі бұл блазардың жарығы 250 есеге артты. Бақылауға, 25 елдің 28 обсерваторияларында орнатылған 39 аса алып телескоптары қатысты.

Жұмыстың нәтижелері Nature (2016 жылғы Impact Factor көрсеткіші: 40.137) журналында жарияланды. Толығырақ келесі сілтемеде: https://www.nature.com/articles/nature24623

 

Қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасы