Жаңалықтар

Әлем чемпионатындағы алтын

19.12.2017

Биыл Елордамыз Астана қаласында VII «Қазақ күресінен» болып өткен әлем чемпионатында 8 алтынның бірін ҚазҰУ-дың әскери кафедрасының студенті Нигматуллаев Марат жеңіп алды.

Әлем чемпионатына 40 шақты мемлекеттен 150-ден аса балуан қатысты. Олардың ішінде Ресей, Америка, Қытай, Бразилия және Армения сынды алпауыт мемлекеттер де бар. Әлемдік деңгейдегі жарыста әр елдің ең мықты спортшылары бақ сынасты.

Нигматуллаев Марат қазақ күресінен алғашқы алтынды еншілеген балуан Бауыржан Тәліптің шәкірті. Мараттың әлем чемпионатындағы бұл алғашқы жеңісі емес. 2013 жылы Афины қаласында өткен халықаралық «Самбодан» екінші орынды еншілеп қайтқан болатын. Әскери өмір мен спортты ұштастырған батырымыздың арманы «Болашақта нағыз әскери адамға тән қасиеттерді бойына сіңірген Отан қорғаушы болу». Осылайша Қазақстан талай жылдан бері «қазақ күресінен» алдыңғы қатарда танылып жүрген мемлекет ретінде мықтылығын тағы да дәлелдеді.

 

ҚазҰУ-дың әскери кафедрасы