Жаңалықтар

90 жастағы көрнекті ғалым

22.12.2017

Механика-математика факультетінде физика математика ғылымдарының докторы, профессор Валентин Нидің 90 жылдығына арналған мерекелік кеш болып өтті.

Ни Валентин 1927 жылы 12 желтоқсанда Ресейдің Приморье өлкесінде дүниеге келген. 1952 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің физика-математка факультетін бітірген ғалым өз еңбек жолын осы білім ордасынан бастаған.

1965  жылы  «Решение  системы  дифференциальных  уравнений параболического типа, когда характеристическое уравнение имеет кратные корни» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, әртүрлі лауазымды қызметте ұзақ жылдар қызмет атқарған.

Кеш барысында ғалымның әріптестері мен жора жолдастары ғалымның еңбек жолына тоқталып, ғылым мен білімге, шәкірттерді тәрбиелеуге қосқан сүбелі үлесін жан-жақты баяндады. Физика-математика ғылымының дамуында өлшеусіз еңбек еткен қайраткер бүгінде әріптестерінің шын ықылас-ниетіне бөленген ғалым, ұлағатты ұстаз, көрнекті тұлға.

Шара аясында В.Х. Нидің 90 жылдық мерейтойына арналған «Математика» бойынша пәндік олимпиада жеңімпаздары марапатталып, кеш соңы студенттер тарапынан ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға ұласты.

Баспасөз қызметі