Жаңалықтар

Зияткерлік заман талабы

28.12.2017

ҚазҰУ басшылығы «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиновамен кездесті.

Кездесу барысында төрайым Назарбаев Зияткерлік мектептерінің білім беру бағдарламалары туралы баядама жасап, жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсат-міндетін, заман талабына сай қажеттілігі жайлы сөз етті.

Елбасымыз 2011 жылғы өз жолдауында білім беруді және адами капиталды дамыту аса маңызды мәселелер болып табылатындығын баса айтқан. Президент зияткерлік мектептер үкіметтің тәжірибені трансляциялау арқылы орта білім беру жүйесін реформалау жөніндегі стратегиясының бір бөлігі болып табылатындығын және зияткерлік мектептердің миссиясы Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал ететіндігін атап өткен. Бүгінде зияткерлік мектептердің басты міндеті бәсекеге қабілетті түлектерді даярлау ғана емес, сонымен бірге өзінің тәжірибесін трансляциялау арқылы Қазақстанның орта білім беру жүйесін дамытуға ықпал етуден, барлық адамдарға сапалы орта білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуден тұрады. Осы мақсатта ұйымдастырылған шара аясында төрайым өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді сезіну арқылы біз әрбір оқушыға XXI ғасырда өмір сүруге дайындауға қажетті негізгі дағдыларды бойына сіңіруіміз қажет дей келе, ол білім беру жүйесіндегі әлемдік стандарттарға тоқталып, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 Баспасөз қызметі