Жаңалықтар

Қытайдың ғарыш саласы бағытында ынтымақтастық орнату

22.01.2018

Қытайдың ғарыш саласы бағытында ынтымақтастық орнату

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен RADI институты арасындағы келісім аясында 2018 жылдың 7-12 қаңтарында ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры Т.С. Рамазановтың басшылығымен, ғылыми технологиялық парк директоры Ә.Ә. Темірбаев, Жерді арақашықтықтан зондылау центрінің директоры Б.С. Сахариев пен география және табиғатты пайдалану факультетінің доцент м.а. Д.К. Шокпарова орналасқан негізгі зерттеу нысандары мен Қашғар мен Үрімші қалаларында орналасқан ұйымдар мен мекемелерге барды.

Қашғар қаласында орналасқан Жердің арақашықтықтан зондылау серіктерінен ақпаратты алу ғылыми орталығы ҚХР ҒА-ның RADI институтының 8 орталығының бірі болып саналады. 2012 жылдың қыркүйек айында құрылған ҚХР ҒА-ның маңызды бір орталығы болып саналатын арақашықтықтан зондылау және сандық Жер институты (RADI) қазіргі таңда төрт бағытта жұмыс атқаруда. Олар: Жерді қашықтықтан бақылау жүйелерінің негізінде Жерді арақашықтықтан зондтау деректерін жинау және өңдеу; арақашықтықтан зондтау және геоақпараттық жүйелерді құру технологиялары саласындағы іргелі зерттеулер жүргізу; Жер туралы ғылымның сандық платформасы негізінде қоршаған орта және ресурстар туралы ақпараттарды талдау; ғылым мен техника саласындағы халықаралық ынтымақтастықты қамтитын ғылыми пәндердің кең ауқымын қамтитын зерттеулер жүргізу.

Сапар барысында орталық директоры профессор Фу және Қашғардағы Жерді арақашықтықтан зондтау спутниктерінен деректерді қабылдау орталығының қызметкерлерімен кездесу өтті. Ақпаратты қабылдау және өңдеу станциялары мен ғылыми-зерттеу орталығында орналасқан негізгі нысандары, соның ішінде антеналардың сипаттамаларымен танысты. Кездесу барысында «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларын дайындау, ғылыми мақсат үшін арақашықтықтан зондтау деректерін пайдалану, факультет пен орталықтың қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын жүргізу, ҚазҰУ негізінде виртуалды станция орнату мүмкіндігі, арақашықтықтан зондтау және ГАЖ саласындағы ғылыми қызметкерлер мен мамандарды даярлау, халықаралық конференциялар мен Қашғар мен Пекин қалаларында RADI институтының базасында жоғары оқу орындарының студенттері үшін бірлескен жазғы мектеп ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Қыркүйек айында жоспарланып отырған құрғақшылық және шөлейт аймақтарда Жерді арақашықтықтан зондылау бойынша IV Халықаралық симпозиумды (ISEO2018) бірлесе отырып өткізу және жеке бір секцияны өткізу келісілді.

ҚазҰУ-дың ІТ-құрылымын дамыту және ІТ-парк құру мақсатында делегация Үрімші қаласындағы Технологиялар мен бағдарламаларды дамыту паркіне барып қайтты. Компания жұмысымен танысу барысында 5 камераны көтере алу және де әртүрлі бұрыштық түсірілімдерді жүргізу мүмкіншіліктері бар заман талаптарына сай келетін дрондары (ұшқышсыз әуе көліктері), сонымен қатар мәліметтерді қабылдау және өңдеу орталықтары, арнайы жағдайды талдау және шешімдер қабылдау үшін бағдарламалық жасақтама мен әдістерімен таныстырылды.

Жоғары білікті мамандарды даярлау жоғары оқу орындарының басты мақсаты болып табылады. Білім беру сапасын арттыру және мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамы үшін екі елдің жоғары оқу орындары арасында алмасу бағдарламасы белсенді түрде жүргізілуде. Қатынастарды одан әрі дамыту және жаңа байланыстар орнату мақсатында Қашғар университеті (Қашқар қ.) және Қытай ғылым академиясының (Үрімші қ.) Шыңжаң экология және география институтының білім беру орталықтарының өкілдерімен кездесу барысында, оның ішінде өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіншіліктері, қызметкерлер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары алмасу; оқытушылар мен мамандарға арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру; ғылыми және тәжірибеден өтуді қамтамасыз ету мақсатында бакалавр, магистр, докторанттармен алмасу; конференцияларды, ғылыми-техникалық семинарларды, академиялық кездесулер мен симпозиумдарды ұйымдастыру; ЖОО серіктесіндегі докторанттың ғылыми жетекшілігіндегі жетекші ғалымдарды тарту және т.б. мәселелер талқыланды.