Жаңалықтар

Mұражай: мәңгілікке сапар

06.02.2018

«Рухани жаңғыру» жобасы аясында физика-техникалық факультеті, жылуфизика және техникалық физика кафедрасының «5В071700-Жылу энергетикасы» мамандығының 1 курс студенттері ҚР Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында болып қайтты.

Басты мақсат - студенттердің рухану жандануын Қазақстан суретшілерінің туындылары арқылы эстетикалық қажеттіліктермен байыту, еліміздің  және өзге де елдердің суретшілерінің еңбектерімен танысу болды.

Егеменді елдің әрбір азаматтары мен азаматшалары еліміздің өткенінен сыр шертіп ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрді, құнды тариxты білуі үшін мұражайға барады. Мұражай адамның ішкі жан дүниесін нұрландырып қана қоймай, оны кеңейтуге, өткенге және келешекке сапар шегуге еркіндік береді.  Осы мақсатты ұстанған студенттер барша жастарды мұражайларға жиі баруға шақырады.