Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ РХДУ (Мәскеу) университетінің өкілдерімен кездесу өтті.
Орыс филолологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға әдебиеттанушылар, лингвистер мен филологтар ҚазҰУ оқытушылар мен студенттері қатысты.
РХУД профессорлары Владимир Синячкин және Улданай Бахтикиреева жылы шырайлы қабылдау үшін өз алғысын айта отырып РУДН мен ҚазҰУ-ды ертеден келе жатқан, жемісті қарым-қатынас байланыстырып тұрғанын атап өтті.
Профессор В.П. Синячкин кез-келген материалды әзірлеу барысында реттілігі мен жүйелігін жасап, орфография мен пунктуациялық аспектілерден бөлек диктанттарға арналған ана тіліне деген махаббатын оятатындай қызықты мәтіндер даярлау маңыздылығын атап өтті. Өйткені ана тілін ардақтау және сол тілде көркем әрі сауатты сөйлеу әрбір адамның парызы
Кездесуде тараптар көптілділік пен транслятология және русистика мәселелерін талқылап көптілділікті мектеп қабырғасында дамытудың жолдары қаралды. Бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асырып біліктілікті арттыру мақсатында студентер мен оқытушыларға дәріс оқыды.
Аталмыш іс-шарада аясында әкімшілік департаметінің директоры Әбакіров Әбілқайыр филология ғылымдарының докторы Владимир Синячкинге ҚазҰУ мерейтойлық медальімен марапаттады.
Баспасөз қызметі