Жаңалықтар

Невада-Семей

28.02.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультетінде «Невада-Семей» жастар ұйымының ұйымдастыруымен «Тарихи күн. ХАҚ Невада Семейдің құрылған күні» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға «Невада-Семей» жастар ұйымының мүшелері, ҚазҰУ-нің студентері мен оқытушылары және БАҚ қатысты. Дөңгелек үстел аясында семей ядролық полигонындағы жарылыстардың тарихы, экологиялық мәселелерлер талқыға салынып, «Невада-Семей» қозғалысының жеткен жетістіктері жайлы айтылды.

Алғашқы атомдық жарылыстың дауысы 1949 жылы басталған болатын содан бері Семей ядролық полигоны ауданында 459 рет жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде, адамдардың денсаулығына үлкен зиян келіп, қоршаған ортаға да айтарлықтай өз зарарын тигізді. Халықтың адам төзгісіз ащы зары мен экологиямыздың күн санап бұзылуы мен  үздіксіз сынақтарды тоқтату мақсатында Олжас Сүлейменовтың жетекшілігімен «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы құрылды. «Невада-Семей қозғалысының басты мақсаты ол үздіксіз сыналып жатқан ядролық қаруды тоқтатып, халықтың жайма-шуақ, тыныш өмірін оралту болатын. 1991 жылы Қарауыл ауылында өткен «Невада – Семей» қозғалысына Франция, АҚШ, Италия, Жапон елдерінің делегаттары қатысып, атом сынағын тоқтатуға деген өз ұсыныстарын білдірді. Осылайша әлем болып Семей полигонының жабылуын қалаған халықтың тілегі қабыл болып, 1991 жылдың 29 тамызында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 40 жыл бойы ел мен жердің құтын қашырған полигон жабылды.

Шара барысында сөз алған «Невада-Семей» жастар ұйымының белсенді мүшесі тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының доктаранты Танбекова Гүлжанат «Невада-Семей» жастар ұйымы 2016 жылы құрылған болатын осы уақытқа дейін көптеген дөңгелек үстелдер мен кең көлемде конференциялар өткізіп келеміз. Алдағы уақытта жұмысымызды ары қарай жандандыру мақсатында экологтарды, ірі тұлғаларды ұйым құрамына шақырып, қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста болып, ЖОО-да еліміздің экологиясы жайлы дәрістер жүргізуді мақсат етеміз. «Невада-Семей» қозғалысының тоқтатылғанына 29 жылдың жүзі болды, содан бері қаншама жас ұрпақ дүниеге келді. Біз сол жылдардағы жарылысты көзбен көрмесек те, қиын кезеңдердің жаңғырығын сезінеміз», деді. Сонымен қатар Семей полигонына арналып арнаулар оқылып, деректі фильм көрсетілді және де аталмыш тақырып аясында студенттер өз ой-пікірлерін білдірді.

 

                                                                    Баспасөз қызметі