Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде «KHABAR DAY» жобасы аясында «Хабар» агенттігінің шеберлік дәрістері өтті.
«KHABAR DAY» жобасының аясында өткен аталмыш кездесуде, «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев, 26 жылдан бері Хабар агенттігінің бет-бейнесі болып келе жатқан тележүргізуші Қымбат Хангелдина, блогер Өркен Кенжебек, тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман мен Асқар Серғалиев және де Даурен Бабамұрат сынды танымал журналистер қатысты.
«Хабар» агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары «Бүгінгі кездесуге шыны керек, үлкен қуанышпен келдік ҚазҰУ бізге қашан да ыстық болып көрінеді. Өйткені бұл оқу орнынан талай елі мен жеріне қызмет жасап жүрген тұлғалар түлеп ұшқан. «Хабар» агенттігінің қызметкерлерінің көбісі де осы қарашаңырақтың түлектері. Осында ұлағатты ұстаздарымыз отыр, бізді төрт жыл бойы тәрбиелеп, өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, телевизия әлеміне аяқ басуымызға себеші боған жандарға «Хабар» арнасының ұжымының атынан шексіз алғысымызды білдіреміз. Ал бүгінгі біздің мақсатымыз тек шеберлік сабақтарын өткізу ғана емес, соднай-ақ болашақта біздің командамыздан орын алар әріптестерімізді іріктеп табу»,- деді Ринат Думанұлы. Сонымен қатар «Хабар» агентігінің тапсырысымен түсірілген «Ән аға», «Өгей жүрек» сынды сериалдардың дисксі мен «Хабар» арнасының 20 жылдығына орай шыққан кітапты тарту етті.
Кездесу барысында журналистика факултетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы «Хабар» агенттігінің ұжымын ҚазҰУ 80 жылдық мерейтойлық медальдары мен факультет атынан алғыс хаттармен марапаттады. Кездесу «Хабар» агентігінің танымал журналистері өткізетін шеберлік дәрістермен жалғасын тапты.
Баспасөз қызметі


