- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Тұңғыш рет ҚазҰУ-да Орта Азия және Кавказ ХВҚ елдері бойынша аймақтық экономикалық шолу өтті
09.06.2010Таяу Шығыс және Орта Азия Халықаралық валюта қорын (ХВҚ) департаменті директорының орынбасары Дэвид Оуэн әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Орта Азия және Кавказ елдері бойынша аймақтық экономикалық шолу бастамасын жүзеге асырды.
Жоғары беделге ие аталмыш Халықаралық валюта халықаралық қоры әлемдік ұйымының өкілі қазақстандық жетекші университеттің студенттері мен оқытушыларының алдында алғаш рет дәріс оқыды. Отандық Жоғары мектеп өмірінде үлкен маңызға ие шара ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов пен Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысовтың ортақ бастамасымен жүзеге асып отыр.
Мемлекеттік мекемелердің жетекшілері мен қаржы және банк ісі саласының сарапшылары өз мамандықтарына орай туындайтын келелі мәселелерге жауап табуына мүмкіндік туып отырғандығын ескеріп дәріске арнайы келіп, тыңдап қайтты. Макроэкономика күйінің жуық арада қай бағытқа өзгеретіндігіне де осы дәрістен жауап табылды.
Жылына екі рет таяу Шығыс және Орта Азия елдері ХВҚ департаменті “Аймақтық экономиканың перспективті дамуы” баяндамасын дайындайды. Бұл баяндамада көрсетілген сараптама және жағдай ХВҚ мүшелігіне енетін 30 елдің экономикалық саясаты негізінде қарастырылып отыр.
Д.Оуэнның пайымдауынша, әлемдік экономикалық құлдырау, мемлекет тарапынан жасалынған дағдарысқа қарсы бағдарламаларға қарамастан Кавказ және Орта Азия елдерінің экономикасына шығын әкелді. Экспорт елдерінің өсім деңгейі 2008 жылы 6,6% -дан 2009 жылы 4,7% -ға төмендеді.
Орта Азия және Кавказ елдерінің сегіз елі бойынша даму деңгейін бағалаған әлемдік деңгейдегі өтпелі экономиканың маманы айтқандай, біраз ұқсастықтар мен айрмашылықтар бар, бірақ негізгі маңыздылық аймақтар арасында экономикасы тұрақты ел Қазақстан бар деген дерек. Жалпы барлық аймақтар бойынша өсу бар. Экспорт нығайып, ақша айналымы өсе бастады, капитал деңгейінің тұрақталу белгісі білінеді.
ХВҚ сарапшысының пікірінше, экономикасы даму және дамушы елдердің деңгейі дамыған елдердің экономикасына қарағанда жоғары болмақ.
Дәрістің қортынды кезеңінде, Д.Оуэн аудиторияға жиналған студенттер, оқытушылар, сарапшылар мен қаржыгер және банк қызметкерлері тарапынан жолданған сауалдарға пікір қосып, жауап қатты. Бұқара көкейлеріндегі экономикалық сауалдың жауабын ХВҚ өкілінің өзінен есту мүмкіндігіне ие болды.
Соңында Дэвид Оуэн ҚазҰУ-дың тарихи мұражайын аралап, еліміздегі үздік университеттің жетістігін айқындайтын көрмені тамашалады. Қонақтарды діттеген жеріне Орта Азия бөлімінің жетекшісі, ХВҚ ның Қазақстандағы жетекшісі және Аймақтық валюта қорының Орта Азия (CAREC) бойынша жетекшісі Ана Люсия Коронэль бағыттап отырды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі (727)377 35 20