Жаңалықтар

Тимоти Майклмен өткен кездесу

15.03.2018

Тарих, археология және этнология факультетінде «Монғол империясы және Орталық Азия тарихы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Шараға Солтүстік Джорджия университетінің профессоры, өнер және әдебиет колледжінің деканы Тимоти Майкл, тарих, археология және этнология факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы және студенттер қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Монғол империясы және жалпы көшпелі империялар тарихының білікті маманы Тимоти Мэй Монғол империясы, крест жорықтары, ортағасырлық соғыс, Орталық Азия, Монғолия және ислам тарихы жайлы айтып, тарих ғылымындағы өзі зерттеп жүрген салаға жекелей тоқталып өтті.

Тимоти Мэйдің дәрісіне ұласқан шара жас ғалымдардың ғылымға деген құлшынысын арттырып, екі ел арасындағы байланыстың жан жақты нығая түсуіне жол ашпақ.

Шарада моңғол дәуіріндегі мәденит тарихы мен сабақтастығы, ислам қағидаларымен байланыстылық, дәстүр жалғастылығы туралы ортағасырлық саяхатшылар мен араб, парсы тарихшыларының деректері негізіндегі зерттеулер көпшілік назарына ұсынылды. Сол дәуірдегі моңғол қоғамындағы әйел билігі, Шыңғысхан мен моңғол жаулап алушылығына деген зерттеушінің көзқарасы туралы сауалдарға батыстық тарихнамаға негізделген жауаптар қайтарылды. Сонымен қатар дөңгелек үстел барысында Тимоти Мей университет кітапханасына моңғол әскери ісінің тарихына қатысты іргелі екі еңбегін сыйға тартып, кездесу тек ғылыми жағынан ғана емес, болашақта студенттер алмасу, тағылымдамадан өту мүмкіндіктері тақырыбы да талқыға түсті.

Тарих, археология және этнология факультеті