- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Корей елінің студенттері ҚазҰУ-ды таңдайды
10.06.2010Корейлік студенттердің тарапынан Қазақстандағы ең беделді университетте білім алуға деген қызығушылық артып келеді. Осы орайда 2008/09 оқу жылында ҚазҰУ-да білім алған Корей студентінің саны 95 болса, 2009/10 оқу жылында ҚазҰУ-дағы бұл көрсеткіш 140-қа жеткен. Бүгінгі таңда Корей студенттері ҚазҰУ-дың жазғы семестріне келуде. Бұл туралы Корея Республикасындағы Гангненг-Вонжу (Gangneung-Wonju) университеті деллигациясының әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне келген сапарында айтылды.
ҚазҰУ ректорының атынан алғы сөз алған Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Нұрлан Темірбеков Gangneung-Wonju ұлттық университетінің президенті Сонг Хан мырзаны құрметпен қарсы алып, Қазақстандағы жетекші білім ордасына арнайы келгені үшін ризашылығын жеткізіп, әріптестік қарым-қатынасына үлкен қолдау білдіретіндіктерін айтты. Проректор, біздің университеттің дамуы мен болашағы әріптестік байланысты тиімді әрі жылдам ұйымдастырылып отыруымен тығыз байланысты екендігін тілге тиек етті.
ҚазҰУ кәріс елінің 16 университетімен келісімге отырып, әріптестік меморандумына қол қойған. Кәріс елінің білім шаңырақтары мен ҚазҰУ арасындағы тығыз әріптестік байланыстың нәтижесінде 1994 жылы шығыстану факультетінде кәріс филологиясы кафедрасы, кәрістану кафедралары құрылған болатын.
– Біз белсенді түрде әлемнің әр елінен түсіністік пен үйлесім негізінде халықаралық әріптестік орната алатын жетекші университеттерді іздейміз. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ғылымның әр саласында ұлттық нақышта ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейде де үлкен жетістікке ие екені бізге белгілі. Осы орайда біз сіздердің білім ордаларыңызбен тығыз туыстық әріптестікке қызығушылық таныта отырып, жақын байланыс орнатуды қалаймыз, - дейді Сонг Хан мырза.
Нақты бағдарламаларға келетін болсақ, GWNU жетекшісі атап өткендей, Қазақ Ұлттық университетімен бірлсе отырып, ортақ бағдарлама жасау негізінде оқу, ғылыми зерттеу, мемлекеттік шәкіртақы сияқты сәйкес сала негізінде студенттермен алмасу шараларын жүзеге асыруды ұсынды.
– Гангненг-Вонжу Ұлттық университеті – Кореядағы жетекші оқу ордаларының бірегейі. Ол үлкен дәрежеге ие білім шаңырағы болғандықтан ҚазҰУ бұл университетпен әріптестік байланыс орнатуға дайын деді, - қазақстандық университеттің проректоры. - әл Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекеттік тілдің қолданылыс аясын кеңейтуге барынша ықпал ете отырып, қазақ тілін және Қазақстан тарихын үйрету сияқты кафедраның Гангненг-Вонжу университетінде ашылуына да үлес қоспақ. .
ҚазҰУ-да ғылыми мақалалар мен ғылыми ізденіс жұмыстарының жариялануын дамыту керек. Студенттер мен ғалымдардың бірлескен қауымдастығын құру, сонымен қатар бірлескен электронды құралдарды орнатып, бұл мекенде әріптес университеттердің ғылыми әдістемелік материалдары мен университет ізденушілеріне қажетті оқу құралдарын игеруге мүмкіндік жасалуы керек деген ұсыныстар айтылды.
ҚазҰУ мен GWNU арасындағы әріптестік мемородумға қол қойылды. Сонымен бірге қонақтар ҚазҰУ жетістіктерін паш ететін көрмені аралап, ҚазҰУ-дың тарихи мұражайын тамашалап, кампус-турмен қортындылады.
ҚазҰУ дың Баспасөз қызметі