Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары секциясы мәжілісінің ықшам – ақпары

14.06.2010

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның ірі оқу-әдістемелік орталығы болып саналады. 2010 жылдың 15 маусымында сағ.10.00-де

Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жанында мына мекен жайда: Қарағанды қаласы, Универистетская көшесі 28, (ҚарМҰ-дың Студенттердің мәдениет Сарайында) Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары мамандықтары секциясының кезекті көшпелі мәжілісі өтеді.

Мәжіліс тақырыбы: Қазақстанның жоғары оқу орындарында Болон үдерісі ұстанымдарын жүзеге асыру. Мәжілісте Қазақстанның жоғары оқу орындарында Болон үдерісі ұстанымдарын жүзеге асырудың өзекті мәселелері, оқытудың кредиттік жүйесін ендіру мәселелері, білім беру мазмұнын анықтауда жұмыс берушілердің қатысуы, бітірушілерді жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде мәселелерді талқылау жоспарлануда.

Мәжілісті РОӘК секциясының төрағасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры, академик Б.Т. Жұмағұлов жүргізеді.

РОӘК секциясы мәжілісіне ҚР халықты еңбекпен қамтамасыз ету және көші-қон вице-министрі, ҚР Білім және ғылым министрілігінің өкілдері, Қазақстанның 25 жетекші ЖОО-ның ректорлары мен проректорлары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың департамент директорлары мен 20-дан астам факультет декандары және шет елдердің профессорлары қатысады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі