Жаңалықтар

«Қазақ-қытай қатынасының жаңа форматы»

14.03.2018

 

Алматы қаласындағы ҚХР-ның Бас Консулы Чжан Вэй мырзаның «Қазақ-қытай қатынасының жаңа форматы» тақырыбында дәрісі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде Алматы қаласындағы ҚХР-ның Бас Консулы Чжан Вэй мырзаның «Қазақ-қытай қатынасының жаңа форматы» тақырыбында 14 наурызда дәріс өткізілді.

Алғашқы сөз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің бірінші проректоры М.М. Бүркітбаев берілді. Лекцияға шығыстану және халықаралық қатынастар факультеттерінің студенттері мен оқытушылары, Конфуций Институтының өкілдері қатысты. Чжан Вэй мырза өз лекциясында ҚазҰУ-нің Қазақстандағы сияқты, Орталық Азия мен ТМД аймақтарындағы ЖОО арасында алдыңғы қатарда екенін атап өтті. ҚазҰУ Қытайдың көптеген ЖОО-мен байланыс орнатып, «Бір белдеу, бір жол» атты университеттік ұйым бастамасының маңызды мүшесі болды. Бұдан бөлек, қазақ-қытай қарым-қатынасының даму перспективалары мен жетістіктері, ҚХР-нің қазіргі жағдайы, сонымен қатар ҚазҰУ студенттері университетті бітіргеннен кейін Қытай тарапынан қандай мүмкіндіктер жол ашатындығы қарастырылды.

Дәріс қонақтары Қытайдың табыстылығының басты сыры мен Қытайдың экономика саласындағы жетістіктері туралы мәлімет алды. ҚХР еліндегі социализм тарих, мәдени дәстүрг мен ұлттық ерекшеліктерге негізделіп қаланды. Сол арқылы экономикалық және әкімшілік басқару жүйелерінің реформалары тереңдетіліп, ашық саясат және әлеуметтік тұрақтылық сақталды.
Оған қоса Қытай әлемде ашық саясатты жүргізіп және экономикалық жаһанданудың белсенді интеграциясын іске асырды. Қазіргі уақытта үкімет тарапынан ұлттық инновацияларды көтеру мәселесінің өзектілігі артып, сыртқы мәдени алмасу күшейтілуде.
Бас Консул оң нәтижелермен қоса, Қытайдың ашық саясаты мен реформаларының нәтижесінің теріс жақтарының себеп-салдары да тілге тиек етті.
Дәрісті қорытындылай келе Чжан Вэй мырза ынтымақтастық пен достастықтың нығаюына, келешектегі екі елдің өзара қарым-қатынастар Қазақстан жастарының арқасында іске асатындығына баса назар аудартты. Бас консул аудиторияны қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, оларды алда келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, табыс тіледі.
ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М. Бүркітбаев Чжан Вэй мырзаға танымдық дәрісі үшін алғыс білдіріп, ҚазҰУ студенттерімен қоса, Қазақстанның барлық жастары қазақ-қытай қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен олардың келешегі туралы хабардар болады деген үмітпен, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың алғашқы қадамы екендігіне сенім білдірді.