- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Үнді делегациясы
20.03.2018ҚазҰУ-ға Үндістанның Neo Medical Sciences and Technology LTD компаниясының директоры Бурра Дивиа Сунитха Радж бастаған делегация өкілдері келді.
Арнайы сапармен келген делегация құрамына алғыс білдірген ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Үндістан Қазақстанның стратегиялық әріптесі және ұзақ мерзімді табысты байналыс орнататынын ерекше атап өтті. 1992 жылы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде үнді бөлімі ашылды. Содан бері 60-тан астам мамандардар дайындалып хинди және урду тілдерін үйренді.Мызғымас достық қарым-қатынас Үндістанның көптеген университеттерімен табысты ынтымақтастыққа тікелей ықпал етеді. Олардың ішінде Амити университеті, Дели университеті, Үнді технологиялық институты және басқалары бар. ҚазҰУ-да Махатма Гандидің құрметіне орай ашылған орталықта екі ел арасында білім беру, ғылым және мәдениет саласында жемісті ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік туғызады.
Екіжақты келіссөздер барысында үнділік делегация ҚазҰУ-дың медицина факультетінде өз студенттерін оқытуға қызығушылық танытты. Олардың пікірінше, ҚазҰУ-да сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған және оның кампусы әлемдік стандарттардың барлық талаптарына толықтай сай келеді.
Кездесу аясында Neo Institute of Medical Sciences and Technology LTD компаниясының директоры Үндістандағы білікті дәрігерлердің жетіспеушілік мәселесін алға тартты. Оның айтуынша, бүгінде елімізде 340 медициналық ЖОО болса да жыл сайын 45 000 дәрігер дайындалып шығады. Соның өзінде мамандар тапшылығы өзекті мәселе болып қала береді дейді. Осыған байланысты делегация өкілдері жазғы мектеп, академиялық ұтқырлық, ғылыми-зерттеу бағдарламаларын әзірлеуді және ҚазҰУ-да оқуға тілек білдірген 250-ге жуық үндістандық студенттерді қабылдауды ұйымдастыруды ұсынды. Доктор Бурра Дивиа Сунита Радж Үндістандық тарап интернетке қосылуды қажет етпейтін студенттер мен оқытушыларға арналған smart-технологиялар, студенттерге және оқытушыларғақажетті оқу-әдістемелік әдебиеттерді беру, оқытушы-профессорлар құрамымен қамтамасыз ету және кафедра құруға көмектесуге дайын екендіктерін атап айтты.
Өз кезегінде ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов университеттің жетістіктеріне тоқталып, қонақтарға ҚазҰУ-дың ғылым, білім, медицина және нанотехнология саласындағы қызметі туралы хабардар етті. Ол корейлік университеттердің ҚазҰУ базасында Қазақстандағы медициналық кадрларды даярлау бағдарламасына белсене қатысатынын атап айтты. Екіжақты ынтымақтастық қазақстандық мұғалімдерге және студенттерге өз біліктілігін арттыруға, кореялық жоғары оқу орындары базасындағы Корей ауруханаларында тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді. Медицина факультетінің студенттері Сеул және ЕНСЕ университеттерінің дайындаған бағдарламалары бойынша дәріс алуда. Бұл студенттерге сапалы білім алуға мүмкіндік беріп, жаһандық нарықта орнап отырған жоғары бәсекелестікке жауап беруге жол ашады. Алдағы жылдары ҚазҰУ қаладағы орналасқан медициналық орталығының негізінде медициналық кластерінің туризмін дамытып қана қоймай, Оңтүстік Корей университеттерінде мамандардың кәсіби біліктілігік көтеріп, тағылымдамадан өтетін болады. Алдағы уақытта 370 орынға арналған стомотологиялық клиниканың құрылысы мен Түркиямен берлесе отырып стоматологиялық орталықты ашу жоспарлануда.
Ректор сонымен қатар жас ғалымдар мен студенттердің жаңа технологиялары саласындағы жетістіктерін тілге тілге тиек етті. Өткен жылы Индия мемлекетінде Қазақ ұлттық университетінде жасалған «Аль-Фараби-1» наноспутнигі ғарышқа сәтті ұшырылған болатын. Бүгінде ҚазҰУ-да «Ғарыштық техника мен технология» мамандығы бойынша үш деңгейде студенттер оқытылады.
Кездесу барысында екі жақ Үнді елшілігінің өкілдерімен киберқауіпсіздік, ғарыштық технологиялар, ядролық физика саласында мамандарды даярлау сияқты мәселелер де талқыланды.
Ректор ҚазҰУ барлық университеттермен қарым-қатынас жасап, Үнді делегациясы тарапынан ұсынылып отырған ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қоюға әзір екендіктерін жеткізді.
ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі