2010 жылдың 29 маусымында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Малайзияның жетекші оқу ордасы KIM International-дың жетекшісі Датук Сарони Жудидың басшылығымен бір топ өкілдер келіп қайтты. Малайзияның Білім министрі Датук Сери Мохд Нажиб Тюн Абдул Разак (бүгінгі таңда Премьер-министр) бұл университетті 1997 жылы ашқан еді. Құрылғанына көп уақыт өтпесе де бұл университет дүние жүзі бойынша мойындалған оқу ордасы.
Кездесуде қонақтар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар департаментінің директоры Юлия Локтевамен және Академиялық жұмыс жөніндегі департамент директоры Гүлнар Балақаевамен бас қосып, екі жақты келісім-шарттарды талқылады, соның ішінде бағдарлама аясында студенттер мен оқытушылардың білім алмасуын сөз етті.
KIM International-дың басшысы Сарони мырза Қазақстанның жетекші оқу ордасы – ҚазҰУ-да малайзиялық студенттердің білім алуын, сондай-ақ бірлескен қос диплом бағдарламасы бойынша бизнес әкімшілігі, ақпараттық технология және мемлекеттік басқару саласының кәсіби білікті мамандарын дайындау мәселелері қарастырылды.
Жемісті кездесудің басты оқиғасы – талқыланған мәселелер төңірегінде екі жақты келісім бойынша арнайы меморандумға қол қою болды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
Халықаралық қатынастар департаменті