- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Мемлекеттiк қызметтер жәрмеңкесі
06.04.2018ҚазҰУ-да Алматы қаласының (ХҚКО) халыққа қызмет көрсету орталығы мен Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаментінің қатысуымен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге мемлекеттік ұйым басшылары, мемлекеттік емес ұйымдар, БАҚ мен жоғары оқу орындары да қатысты. Аталмыш шараның негізгі мақсаты – «Электронды үкімет» порталы және «Үкімет халық үшін» мемлекеттік корпорациялары арқылы тұрғындар мен жастар арасында мемлекеттік қызмет түрлерін кең тарату. Қазіргі таңда Алматыда 48 мемлекеттік ұйым тұрғындарға 354 мемлекеттік қызмет түрін көрсетуде. Негізгі мақсат, тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуын қамтамасыз ету.
ҚР Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет жөніндегі Департаменті басшысының орынбасары Шынарай Әлімхан «Тұрғындар үйден шықпай-ақ, өздерінің компьютер, планшет, смартфондары арқылы қажетті анықтаманы мемлекеттік деректер базасынан оңай алады. Сондықтан да қала тұрғындарын ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) ашуға шақырамын. Бұл, ҚР Президентінің «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясындағы Жолдауын іске асыру және сервистің мүмкіндігін жеңілдету. Бұл әрі тиімді, әрі қолжетімді. Біз, 2022 жылға дейін мемлекеттік қызмет түрлерінің 80 пайызын электронды форматқа ауыстыруымыз қажет», – дейді.
Жәрмеңкеге келушілердің бірі ҚазҰУ-дің 4 курс студенті Мұхтар Ходжабаев «Маған үйден ұзамай-ақ телефонмен ЖСН номерін теру арқылы қажетті анықтамаларды, бір реттік парольді оңай алуға болатындығы ұнайды. ХҚКО жұмысы күннен күнге жақсарып, жеңілдеп келеді» – деп өз ойымен бөлісті.
ХҚКО-нің Алматы қаласы бойынша НАО «Үкімет халық үшін» Мемлекеттік корпорациясы» бөлімшесі Департаменті директорының орынбасары Ерлан Төленов: «Бүгінгі таңда әрбір азамат бір реттік парольмен ЭЦҚ арқылы кез-келген қызмет түрін ала алады. Студенттер арасында кең тараған қызмет түрі ол тұрғылықты жерден анықтама, №2 және №6 анықтамалары, ҚазҰУ студенттері де қажетті анықтамаларын ЦОС «Кереметтен» алуларына болады. Бұған Алматы қаласындағы ХҚКО көмектеседі. Біз жастардың өз уақыттарын тиімді пайдаланулары үшін электронды мемлекеттік қызмет түрлерін білсе екен дейміз».
Атап өту керек мемлекеттік қызмет түрлеріне арналған жәрмеңке өткен жылы бастау алған болатын. Осы уақыт аралығында Мемлекеттік ұйымдар Департаментпен бірге 9 жәрмеңке өткізді. Алда осындай жәрмеңкені Алматы қаласының әрбір аудандарында өткізу жоспарлануда.
Баспасөз қызметі