- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Отан алдында ант етемін
19.07.2010Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚазҰУ-дағы әскери кафедра түлектерінің салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі өтті.
Кафедра 1936 жылы құрылып, алғашында “Әскери-спорттық даярлау кафедрасы” деп аталған болатын. 1946 жылдан бастап әскери кафедра деген атауға ие болды. Қазақстан тәуелсіздігін алған жылдардан бері аталмыш әскери кафедра түрлі мамандық бойынша запастағы зенитші, мотоатқыштар, әскери психолог және т.б. әскери қызметкерлер дайындайды Материалдық-техникалық жабдықталған кафедра бүгінде ғылыми-оқулық әдебиеттермен, әскери техниканы оқытуға арналған интерактивті компьютер сыныбымен, жаттығу бөлмесі және заманауи тирмен жабдықталған.
ҚазҰУ-дың әскери кафедрасына ең тәртіпті және үздік студенттер қабылданып, олар 2,5 жыл оқиды. Бұл жылдары әскери кафедра сарбаздары өрт, арнайы тактикалық даярлық, ату және майдандық күрес жаттығулары сияқты салаға арнайы жарғы бойынша маманданады. Әскери кафедрада оқу барысында студенттер Калашников автоматымен, Макаров тапаншасымен, ЗУ-23-2 зенитті қондырғыларымен атуды меңгеріп, майдан көліктерін жүргізуге үйренеді.
Оқу үдерісінің сәтті аяқталуы Отан алдында ант қабылаумен қортындыланады. Бұл оқиға – отанын сүйтін әр азамат үшін өте маңызды болып табылады. Бұл жылы 497 студент әскери кафедраны тәмамдап, офицер атағын иленді. ҚР Еңбегі сіңген қайраткері, полковник П.Ермекбаев жас жауынгерлерге алдағы өмірлеріне сәттілік тілеп, жетістіктерімен құттықтады. Сонымен бірге униерситет ректоры Бақытжан Жұмағұловқа университеттегі әскери кафедраны заманауи жабдықтауға көп қолдау көрсеткені үшін алғысын жеткізді. Салтанатты шараның құрметті қонағы ауған соғсының адагері Б.Смағұл жас Отан қорғаушыларға туған жер тақырыбында өлең оқыды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасы үстіміздегі жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің ұйғарымымен қазақстандық жоғары оқу орындарының әскери кафедралары арасында ең үздік деп танылғандығын ерекше атап өткіміз келеді.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі