Жаңалықтар

«Рухани жаңғыру» жүйелі жүзеге асырылуда

05.04.2018

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен Еуразиялық интеграция институтының директоры, ҚР Президенті жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша құрылған Ұлттық комиссия мүшесі, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі Наталья Калашниковамен кездесу өтті.

Шара барысында Н. Калашникова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бір жыл ішінде жүзеге асырылған шараларға және осы бағдарламаның негізгі бағыттарының жүзеге асырылуына жастардың қызығушылық танытқандарын ерекше атап өтті. Сондай-ақ ол бағдарламаның жүзеге асырылуы оның алты жалпы ұлттық жобалары туралы, Еуразиялық интеграция институты жүргізген әлеуметтанулық зерттеулер нәтижелері және институт қызметі жайлы ақпаратпен бөлісті.

Жиында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қоғамдық сананы жаңғырту, болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласының шеңберінде Еуразиялық интеграция институты ұсынған «Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы» және «Қазақстан Республикасы коммуникативтік саясаты: заманауи жағдайы және дамуы» атты монографиялардың тұсаукесері болды. Және Елбасының «Тәуелсіздік эрасы» атты кітабы саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының кітапханасына арнайы сыйға тартылды.

Кездесу барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және оның алты жалпы ұлттық жобаларын ары қарай жүзеге асыру бойынша мәселелер кеңінен талқыға салынды.

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы