Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «...30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек. Осындай жағдайда ғана біз дамуды көре аламыз...» деген 2010 жылғы 30 қаңтардағы халыққа Жолдауын басшылыққа ала отырып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт аренасында университет беделін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, университеттегі студент қауымы арасында футбол ойынын дамыту мақсатында ҚазҰУ қалашығында жаңа футбол алаңының құрылыс жұмыстарын бастап кетті.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі