Жаңалықтар

ҚР Парламент мәжілісінің аппараты мен ҚазҰУ-дың Мансап секторы бірігіп “Көшбасшы мектебі”жобасын ұсынды

21.07.2010

1 маусым мен 1 шілде аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 40-тан астам студенті ҚР Парламент мәжілісінің аппаратында тәжірибеден өтіп қайтты. Студенттерге ҚР Парламентінде тәжірибеден өту мүмкіндігін Қазақстандық университеттердің арасында алғаш болып ҚазҰУ қолға алып отыр. “Көшбасшы мектебі” аясында студенттер Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі сияқты бірнеше үкіметтік мекемелерде тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен қатар, университетте Жұмыс берушілер кеңесі қызмет жасайды. ҚазҰУ-дың жұмыс берушілер кеңесі құрамына Қазақстанның экономикасы мен әр түрлі саласына қызмет жасайтын: “Самрұқ Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры, Қазақстан халық банкі, “Қазатомпром” Ұлттық атом компаниясы, ҚР Ұлттық Ғарыштық агенттігі, “Парасат” Ұлттық ғылыми-техникалық холдингі, “GSM Қазақстан” компаниясы, Еуразия банкі, “Ел арна” телеарнасы, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясы, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институты, Ядролық физика институты, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты, Алматы қаласындағы орта және шағын кәсіпті дамыту федерациясы аймақтық қаржы орталығы, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры, ҚР сауда-өнеркәсіп палатасы, «KPMG» кампаниясы, Алматы қаласы Білім басқармасы сияқты 23 ірі компаниялар кіреді.

”Көшбасшы мектебі” жобасының мақсаты белсенді студенттерді қалыптастырып, көсбасшылық қасиеттері мен мүмкіндіктерін дамыту болып табылады.

Көшбасшының негізгі қасиеттерінің бірі – алдағы уақытта даму үшін өзіндік қасиеттерді одан әрі жетілдіру. Студенттердің өзіндік даму қабілеті мен өзіндік қалыптасуын дамыту жоба авторларының ең басты мақсаттары болып табылады.

Жоба идеясы үлкен қолдауға ие болды, себебі бүгінгі жастар – мемлекет бақармасында еңбек ететін ертеңгі мамандар. Сондықтанда интеллектісі жоғары, шығармышылығы дамыған, өзіндік азаматтық көзқарасы бар студенттерді тәрбиелеу өте маңызды болып табылады.

Мансап секторы