Жаңалықтар

«Северанс» клиникасындағы тағылымдама

10.04.2018

Медицина факультетінің студенттері Оңтүстік Кореядағы Gangam Severance Hospital клиникасында «Ауруханалық менеджмент» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтіп қайтты.

«Северанс» клиникасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың сенімді серіктесі әрі еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамытып, бәсекеге қабілетті кадрларды бірлесе даярлауда белсене атсалысып келеді.

Тағылымдаманың негізігі мақсаты – магистранттардың диссертация тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулерді аяқтауға дайындық жұмысы барысына арналған.

Арнайы тағылымдамадан өту кезінде магистранттар аурухана менеджменті, қазіргі заманғы аспектілерінің өзектілігі және Кореяның денсаулық сақтау жүйесімен танысып, ірі аурулар топтарының скрининг әдістерін және адам өмірінің сапасын жақсарту үшін соңғы медициналық технологияларды талқылады.

Тағылымдама барысында магистранттар «Северанс» клиникасы жайлы толық ақпарат алып, медициналық заманауи жоғарғы технологиялық құрал-жабдықтарды меңгеруді үйренді. Сондай-ақ олар «Северанс» клиникасының білікті оқытушы-профессорлар құрамының арнайы дәріс семинарларын тыңдап, студенттердің ғылыми жұмыстарын орындауға арналған практикалық нұсқаулықтарды ұсынды.

Эпидемиология және гигиена кафедрасы