ҚазҰУ-дың спорттық кешенінде V Халықаралық Фараби оқулары аясында халықаралық фитнес конгресі болып өтті.
FitnessPRO мектебі және ҚазҰУ-дың медициналық факультетінің ұйымдастыруымен өткен конгреске Польша, Испания, Ресей және басқа да елдерден келген білікті фитнес-тренерлер қатысты.
Конгресте фитнестің әртүрлі «CycleSchwinn», «Fitness конвенция», «Dance конвенция», «Aqua конвенция» және басқа да бағыттары бойынша білікті тренерлер семинарлар мен шеберлік сыныптарын көрсетті.
Қимыл-қозғалыс ойындары арқылы денсаулықты нығайтуға арналған шарада фитнес мамандары бүгінгі күнде арнайы фитнес залдарда ұсынылатын жаттығу түрлерімен қатар ең жаңа бағыттармен таныстырып, фитнес көрсетілімге мыңнан астам еріктілер қатысты.
Медицина факультеті