Жаңалықтар

Әл-Фараби-2018" Республикалық олимпиадасының қорытындысы

07.04.2018

"Әл-Фараби-2018" Республикалық олимпиадасының қорытындысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп, заманауи қашықтықтан ақпараттық технологияларды пайдалана отырып өткізіліп келе жатқан "Әл-Фараби" Республикалық олимпиадасының 3-ші шешуші кезеңінің ресми жабылуы 2018 жылдың сәуір айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кітапханасында өтті. "Әл-Фараби" Республикалық олимпиадасының 1-ші кезеңі 2018 жылдың ақпан айының 8,9-күндері, ал 2-ші кезеңі 2018 жылдың 2-наурыз күні өтті.

 2018 жылдың 8-9 ақпан күндері өткен Олимпиаданың 1-кезеңіне қатысқан 11- сынып оқушылар саны 9065-ті құрады: Атырау облысынан-488, Ақтөбе облысынан - 1042, Маңғыстау облысынан - 769, Батыс Қазақстан облысынан - 308, Шығыс Қазақстан облысынан - 554, Жамбыл облысынан - 534, Оңтүстік Қазақстан облысынан - 825, Қызылорда облысынан - 750, Алматы облысынан - 993, Қарағанды облысынан - 640, Павлодар облысынан - 618, Ақмола облысынан - 291, Солтүстік Қазақстан облысынан - 233, Қостанай облысынан - 82, Алматы қаласынан - 844, Астана қаласынан - 94.

Бірінші кезең қатысушыларының жалпы санынан Олимпиаданың екінші кезеңіне өткен оқушылар саны – 597: Қызылорда облысынан – 36, Павлодар облысынан – 52, Оңтүстік Қазақстан облысынан - 54, Алматы қаласынан - 81, Алматы облысынан - 54, Ақтөбе облысынан - 22, Жамбыл облысынан - 32, Батыс Қазақстан облысынан - 26, Ақмола облысынан - 18, Қарағанды облысынан - 42, Шығыс Қазақстан облысынан - 46, Астана қаласынан - 18, Қосатанай облысынан - 16, Маңғыстау облысынан - 35, Солтүстік Қазақстан облысынан - 22, Атырау облысынан - 33. 2018 жылдың 5-сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде орналасқан Әл-Фараби кітапханасында олимпиаданың 3-кезеңі өткізілді. Бұл кезеңге 69 оқушы қатысты. шінші кезеңнің ерекшелігі – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша қатысқан оқушылар университеттің заманауи ғылыми лабораторияларында есептер шығарады, ал қоғамдақ-гуманитарлық бағыттағы қатысушылар «әл-Фараби» атындағы ғылыми кітапханасының ақпараттық және кітаптар ресурстарын қолдана отырып эссе жазып және теориялық сұрақтарға жауап жазады. Ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру үшін Республикалық олимпиада қатысушылары қосымша ғылыми жоба жұмыстары реферат (5 бет) жазып қорғайды. Бұл жоба жұмыстарына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары ғылыми жетекшік етіп, тақырыптарын таратып береді. Ұсынылған тақырып бойынша жалпы балдары ескеріліп, бөлек бағаланады.   Бұл аралас тәсіл оқушылардың кешенді білімін және өзіндік зерттеу жұмыстарына қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. 

"Әл-Фараби-2018" Республикалық олимпиадасының шешуші кезеңінің қорытындысы бойынша және олимпиаданың қазылар алқасының ұжымдық шешімімен жеңімпаздарға 1,2,3 дәрежелі 35 орын берілді. Биылғы жылдың басты ерекшелігі – барлық жеңімпаздар университет грантына ие болды.

“Аль-Фараби-2018” Республикалық олимпиаданың салтанатты жабылуында Қазақ Ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Асқар Құсыпбекұлы қорытынды сөз сөйледі:

«Құрметті олимпиада қатысушылары! Жеңістеріңіз құтты болсын! Бұл жеңіс – болашақтарыңызға бастар алғашқы қадамдарыңыз! Өздеріңіздің білімдеріңіз бен еңбектеріңіздің арқасында әлі талай жетістіктерге жетіп, биік шыңдарды бағындыратындарыңызға біз сенеміз!»

Олимпиаданың жабылу салтанатында өз өнерлерін көрсетіп, көрермендер көңілінен шыққан университетіміздің студенттер тобынан тұратын «Артстудиоға» алғыс білдіреміз!

Олимпиаданың барлық кезеңін өткізу кезінде ұйымдастырушылар мен қатысушылар «Әл-Фараби Республикалық олимпиадасы» туралы ережеге сәйкес барлық шарттарды сақтады.

5-6 сәуірде өткізілген Республикалық «Әл-Фараби» олимпиадасының қорытынды кезеңі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да сәуір айындағы өтетін «әл-Фараби оқулары» сияқты халықаралық конференциялар мен форумдарға жол ашады.