1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі. Қазақстан аумағында тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдерінің киелі қарашаңырақта тату-тәтті өмір сүруі үшін береке мен ынтымақ, бірлік пен бейбітшілік аса қажет.Сондықтан бұл мейрамның маңызы зор. Бұл мейрам аясында Қазақстан Республикасында тұратын халықтарды бірлікке, ынтымаққа ұйытатын мерекелік шаралар өткізіледі.
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін тойлаудың мақсаты- ел ішіндегі түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау болып табылады. Дәл осы мақсатты көздеген «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы 25 сәуір күні «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік іс-шара өткізді. Шара барысында «Менеджмент», «Маркетинг», «Логистика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттері, сондай-ақ Ресей, Въетнам елдерінен келген шет елдік студенттер қазақ, өзбек, түрік, үнді және өзге де ұлттардың мәдениеті және салт-дәстүрлерімен, ұлттық құндылықтарымен таныстырды. Іс- шара қазақ елінің көптеген ұлт пен ұлысты тоғыстырғанының тағы бір дәлелі болды. Студенттер түрлі ұлттардың салт- дәстүрі мен мәдениетін, ұлттық құндылықтарын барынша таныстыруға, көрермендерге жеткізуге тырысты.
Менеджмента және маркетинг кафедрасы