Өткен демалыста Кипарисияда (Греция) университеттердің волонтерлары арасында жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық турнир өтті. Турнирдың димпломын экономика және бизнес факультетінің 4 курс студенті Ермұрат Жамалбаев жеңіп алды.
Диплом иесі Ермұрат Жамалбаев: «Грецияда мен «Донор күні» деген жобаны ұсындым. Статистика бойынша күнде науқастарға 100 литреден аса қан керек. Азаматтардың көмегі болса да емделушілердің көбісіне өміріне қажет қан құйылмай қалады. Донор берген қанның әр тамшысы адамның өмірін құтқаруы мүмкін. Өзімнің университетімнің үлгісі бойынша «Донор күні» акциясын қалай ұйымдастыруға болатындығын ұсындым.
Мансап Секторының волонтерлары әрқашан өзінің туған университеті үшін аянбай еңбек ететін ҚазҰУ-дың студенттері. Олар салауатты өмір салтын насихаттайды, арнайы акция өтуіне көмектеседі, ноу-хау енгізеді. «Бос орын жәрмеңкесі», «Әл-Фараби олимпиадасы», тимбилдинг, жұмыс берушілердің тренинг өткізуі сияқты игі шапаларда жоғары белсенділік танытады. Жаз айларында ҚазҰУ қалашығында орналасқан Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында, спорт алаңында, кинотеатр, кітапхана мен, Интернет Жастар орталығында талапкерлерге арнап танымдық кампус-турлар өткізіп тұрады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі