Жаңалықтар

ҚазҰУ-да оқуға жаңа мүмкіншілік

14.08.2010

Биыл ҚазҰУ-дың студенттері мен талапкерлері Мемлекеттік қолдау бағдарламасы бойынша Қаржы орталығы ұсынған білім беру несиелерімен пайдалана алады.

Қаржы орталығының бөлімшелер желісі арқылы кез-келген студент, талапкер республиканың барлық аймақтарында білім беру несиесін ала алады. Ұзақ мерзімді несиені түгелдей оқу мерзімінде оқу үлгерімі «жақсы» және «өте жақсы» немесе БҰТ-та 50 балдан кем емес көрсеткішке қол жеткізген талапкерлер, күндізгі бөлімде ақылы түрде білім алып жатқан студенттер мен магистранттар пайдалана алады.

Несиелер транш түрінде оқу бағасына сәйкес білім алу кезеңін түгелдей қамтиды. Кепілдікдің мөлшері студенттың үлгеріміне байланысты. Сондықтан үлгерім мониторинг механизмы бекітіледі. Бұл – студентті жоғары деңгейде білім алуға ынталандыратын жәйт.

Сұрақтар туындаған жағдайда Университеттің мансап секторы мен Қаржы орталығы несие бөлімінің байланыс телефондары арқылы хабарласуларыңызға болады: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 31, 6А кеңсе, 8727317 36 30, 8800080 28 28 (қоңырау шалу тегін).

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі