Осымен екінші жыл қатарынан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақстандық мемлекеттік грант иегері талапкерлерінің басым көпшілігінің таңдауына ілігіп отыр. Біздің университет қазақстандық жоғары оқу орындары арасында барлық рейтингтік көрсеткіш бойынша алдына жан салмайтын көшбасшы танылғанына ай да толмады. Алайда ҚазҰУ кезекті рет биіктерді бағындырудан толастар емес.
3200-ден аса мемлекеттік грант иегерлерін оқуға қабылдау рекордтық көрсеткіші – 2010 жылғы қабылдау науқанының жаңа бастамасы. Қазақстандық жоғары оқу орындарының бүкіл тарихында мұндай жетістік бұрындары кездеспеген. ҚазҰУ бұл тұрғыда да әріптестері үшін үлгі болмақ. Сонымен қатар, ҚазҰУ 700-дей «Алтын белгі» иегерін және 150-ден аса халықаралық олимпиадалар жеңімпаздарын оқуға қабылдады.
ҚазҰУ-ды кезекті жеңісімен құттықтаймыз!
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі