19 тамызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Түркия Үкіметінің Халықаралық ынтымақтастық және дамыту жөніндегі агенттік делегациясы келді. (TIKA). Ынтымақтастық және дамыту жөніндегі Түркиялық ірі Басқарманың әлемнің 20 елінде бөлімшелері бар. Олар Африка, Азия, Еуропа елдерінде жұмыс істейді.
Делегацияны Қазақстандағы TIKA жетекшісі, бағдарлама үйлестірушісі Омер Коджаман, Бас басқарманың минералды ресурстарды зерттеу және іздеу жұмыстары бойынша жетекшісі Мехмет Узер және оны орынбасары Джошар Юсуф Зия, сонымен бірге аталмыш басқарманың жетекші инженері Сумер Энгин Онджу басқарды.
Туркиялық делегацияның мақсаты қазақстандық жетекші университетпен минералдық ресурстар т.б. сала бойынша тиімді жұмыстар жасау болып табылады.
Келісім барысында әріптестіктің негізгі бағыттары болып табылатын бірлесіп жасайтын танымдық, ғылыми, біліми ортақ жобалар және кәсіби тәжірибемен алмасу сияқты талаптар анықталды.
Осы күні ҚазҰУ мен TIKA арасында әріптестік меморандумға қол қойылды..
Түркиялық ірі басқарма агенттігінің ҚазҰУ-ға кезекті келуі жетекші университеттің ғылым және білімін мойындаумен пара-пар.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі