Жаңалықтар

25 жылдық серіктестік

03.05.2018

25 жылдық серіктестік

2018 жылдың 3 сәуір күні V Халықаралық Фараби Форум шеңберінде саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының дискуссиясы басты спикер – еліміздегі Тәжікстан Республикасының Бас консулы Назир Баходур қатысуымен өтті. Іс-шараға қазақстандық эксперттер, оқытушылар құрамы, студенттер, докторанттар қатысты.

Секция екі мемлекет арасындағы 25-жылдық серіктестікке негізделген аймақтық және халықаралық ортақ мәселелер талқыланды, сонымен қатар төртінші өндірістік революцияның жаңа кезең аясында технологиялық және инфрақұрылымдық даму бойынша мәселелер қарастырылды.

Бұл кездесу өте өзекті болып табылды және 2018ж. 13 наурыздағы Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонның ресми сапарының қарым-қатынасты дамытудың жалғасы болды.

Өз баяндамасында Нази Баходур заманауи халықаралық қатынастар үрдістері туралы, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы 25-жылдық серіктестік туралы айтты. Су дипломатиясы мәселесіне аса көңіл бөлінді. Орталық Азиядағы жағдайды дамыту жөнінде ашық және сенімді талқылау болды. Кездесудің модераторы профессор Насимованың пайымдауынша, заманауи сын-қатерлер Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық мүдделеріне де тікелей қатысты.

Консул Тәжікстанның жаһандық күн тәртібіндегі су мәселесін алға тарту бойынша алғышарттарын, Орталық Азия мемлекеттерінің гидроэнергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану, пайдаланатын судың сапасын арттыру мәселелері жөнінде айтты.

Дискуссия мүшелері аймақтық қауіпсіздік, Ауғанстан, Сирия жағдайы, Орталық Азиядағы аймақтық серіктестікті нығайту, еңбек, ресми және заңсыз миграция туралы сөз қозғады.

Сонымен қатар дискуссия мүшелері ҚазҰУ-нің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы мен Бас консулымен, Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары арасындағы болашақ серіктестік жөнінде, ондағы онлайн тренинг өткізу, мастер класс, студенттерге арналған көшбасшы лекциялары, посол сағаты, ғылыми және өндірістік тәжірибе ұйымдастыру, ортақ ғылыми жобаларға қатысу туралы мәселе қозғалды.

 

Cаясаттану және саяси технологиялар кафедрасы