- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Пекин шет тілдер университеті ҚазҰУ-да
20.06.2018Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Пекин шет тілдер университеті президенті Пен Лонгомен кездесті.
Делегация құрамында халықаралық алмасу және ынтымақтастық департаментінің директоры Ке Джин, ПУИЯ орыс тілі институтының директоры Хуан Мей, орыс тілінің оқытушысы Ян Хонбо, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкері Ду Шулин болды.
Кездесу барысында сөз алған ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов жақында ғана Елбасы Н. Назарбаевтың ҚХР президенті Сы Цзыпинмен болған кездесу екі ел арасындағы ынтымақтастық пен қарым-қатынасты жаңа бір сатыға көтергенін ерекше атап өтті. «Бүгінгі таңда біз ҚХР-дың 50-ден астам ЖОО-ларымен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатып отырмыз, сондай-ақ ҚазҰУ-да Қытай елінің 500-ге жуық студенттері білім алуда. Сонымен қатар ҚазҰУ-ға Қытай үкіметінен шәкіртақы ретінде берілетін суперкомпьютер туралы үкіметаралық меморандумға қол қойылған болатын. IT-технопаркке орнатылатын суперкомпьютер жібек жолы Альянс университеттерінің бір жерге жиналуға, білім-ғылым беру саласындағы әрі қарай да жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді. Және де ҚазҰУ-да қытайтану кафедрасы белсенді жұмыс жасап келеді. Осы орайда сіздердің Пекин шет тілдері университетінің оқытушыларын қытайтану, өлкетану, қытайдың мәдениеті жайлы сабақ беруге шақырамыз. Болашақта сіздердің университеттеріңізбен барлық бағыттағы қарым-қатынастарды дамытамыз деген ойдамыз»,–деді.
Өз кезегінде Пекин шет тілдер университетінің президенті Пен Лонгом «Бүгін ҚазҰУ аумағын аралау барысында көзім анық жеткені сіздер мұнда адамзатқа пайдалы барлық іспен айналысып жатырсыздар, бұл шынында да үлкен құрметке лайық. Қазіргі таңда Пекин шет тілдер университетінде Қазақстан орталығы жұмыс жасап жатқанын ерекше атап өткім келеді, бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жарқын үлгілерінің бірі деп білемін. Біздің университетімізде журналистика, өлкетану, лингвистика, менеджмент сынды факультетер білім беру сапасының жоғарылығы бойынша QS халықаралық рейтінгінде де жоғары көрсеткіштерді көрсетіп келеді. Дәл осы мамандықтар бойынша білім алуға ҚазҰУ студенттерін шақырамыз. Және де біздің университетімізде білім алып жатқан қазақ студенттерінің саны артып келеді», – деді.
Кездесу барысында тараптар «Бір белдеу, бір жол» атты бағдарлама аясында атқарылатын жобалар туралы да талқылады.
Баспасөз қызме