Жаңалықтар

ҚазҰУ-да кореялық дәрігерлер тегін қабылдау өткізді

15.08.2018

ҚазҰУ-дың «Керемет» СҚКО-дағы медициналық-диагностикалық орталығында «Severance-Kz» халықаралық медициналық қоры   дәрігерлерінің қатысуымен тегін медициналық қабылдау акциясы өтті.

Аталмыш акцияда университет қызметкерлері Оңтүстік Кореядан келген  эндокринолог, маммолог, гинеколог сынды үздік мамандардан тегін кеңес жүргізіп, өздерін келушілердің сұрақтарына жауап қатты.

 ҚазҰУ мен Северанс ауруханасы 2012 жылдан бастап стратегиялық әріптес. Ал 2014 жылдың желтоқсанында ҚазҰУ-дағы «Керемет» СҚКО-да ҚР жоғары оқу орындарының тарихында алғаш рет «Кангнам Северанс» ауруханасымен бірлескен медициналық-диагностикалық орталық ашылған болатын. Орталықта оқытушылар мен студенттерге жоғары сапалы технологиялық жабдықталған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес медициналық қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар аталмыш серіктестіктің аясында "Smart Health" медицина орталығында Северанс ауруханасының ең үздік дәрігерлері мен профессорлары  тегін кеңес беру   мен шеберлікті шыңдау дәрістерін тұрақты түрде өткізіп тұрады.

Ёнсе университететі Северанс ауруханасының құрметті елшісі Лариса Ан:"Бұрын Северанс аурухансы ғана жұмыс жасаған болса, 2017 жылдан бастап «Severance-kz» қоғамдық қоры ашылды. Осыған орай қызмет көрсету деңгейі мен мақсаты да кеңейе түсті. Сондықтан да осы жолғы сапарымызда ҚазҰУ қызметкерлеріне кеңес жүргізумен қатар Қызылорда қаласында тоғыз аймақтың медицина қызметкерлері қатысатын арнайы шеберлік сабақтары мен біліктілік арттыру курстарын ұйымдастырып, бірқатар  ота түрлерін жасауды жоспарлап отырмыз", - дейді құрметті елші. Айта кету керек «Severance-kz» қоғамдық қорының құрметті пре­зиденті БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мун.

Баспасөз қызметі