Жаңалықтар

Дана да Дара тұлға Кофи Аннан

23.08.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Пан Ги-Мун атындағы тұрақты даму институтының ұйымдастыруымен БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннанды еске алу дөңгелек үстелі өтті.

Аталмшы шарада Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұңғыш тұрақты өкілі, Қазақстанның мемлекеттік қайраткері Ақмарал Арыстанбекова, ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев, Пан Ги-Мун атындағы тұрақты даму институтының директоры, проректор Рафиз Абазов, Алматыдағы ҚР сыртқы істер министрлігі өкілдігінің басшысы Руслан Бөлтіріков болды. Сонымен қатар БҰҰ-ның Қазақстандағы Қоғамдық ақпарат департаментінің басшысы және де қазіргі таңда Исламабадтағы UN DPI-дің уақытша атқарушы директоры Властимил Самек skype арқылы байланысқа шықты.  Сондай-ақ (BKMISD), Біріккен Ұлттар Ұйымының Ақпараттық бюросы (UNIC), Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты даму бойынша Жаһандық академиялық ықпал хабымен" (UNAI), MDP Global Classroom, ЮНЕСКО-ның "УНИТВИН" Орталық Азия бағдарламалар орталығымен және "БҰҰ Жаңа Жібек жолы Моделі» ұйымдарының өкілдері болды. 

Кездесу барысында жиналған қауым К. Аннанның БҰҰ-на сіңірген ерекше ерең еңбегі туралы сөз қозғап, естеліктермен бөлісті. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы болған жылдары К. Аннан бейбітшілік жөніндегі комиссияны және адам құқықтары жөніндегі кеңесті құрды. 2001 жылы К.Аннан өзі басшылық еткен ұйыммен бірге «Әлемдегі берік бейбітшілікке және тиімді ұйымды қамтамасыз етуге үлес қосқаны үшін» Нобель сыйлығына ие болған. Әлем тарихында К. Аннанның есімі талай игі істің басында бастамашы болып, өзінің миссиясын асқан шеберлікпен орындаған дара да дана тұлға ретінде алтын әріптермен жазылып қалары ақиқат. 

 

Баспасөз қызметі