Жаңалықтар

Ант берді

25.08.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы студенттерімен оқу жиыны аяқталды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы студенттерімен 2018 жылдың 23 шілдесі мен 25 тамыз аралығында өткізілген оқу жиыны жоспарланған далалық сабақтармен ғана емес, сонымен қатар болашақ Отан Қорғаушылардың оқу бағдарламасын терең меңгеруіне және тәрбиесіне ықпал ететін бірқатар іс-шаралармен молықтырды. Оқу жиыны барысында студенттер атыс құралдарынан оқу жаттығуларын орындап, оқулық ұрыстық машиналарды жүргізу дағдыларын пысықтады.

Студенттер мамандығы бойынша запастағы офицерлерді даярлау үшін құрлық әскерлерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері жиынтығы есебінде ЗҚ-23-2 зениттік қондырғыларында жауынгерлік атысты орындады. Запастағы офицерлерді тәрбиелеу құрылымдарының кафедра даярлау бағдарламалары бойынша практикалық сабақтар Алматы қаласы сауықтыру психикалық орталығында, әскери-патриоттық тәрбие беру ұлттық орталығының филиалында, журналистика факультетінің телефотостудия және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасында өткізілді.

Ал, 2018 жылдың 25 тамызында запастағы офицерлерді дайындау бағдарламасы бойынша білім алған және оқу жиынын өткен курсанттардың салтанатты әскери ант қабылдау рәсімі өткізілді. 699 студент оның 72 қыз, туыстары мен жақындарының, университет басшылығы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлерінің қатысуымен өз Отаны мен Президентіне - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғарғы қолбасшысына адалдығына антқа келтірілді.

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының бастығы полковник Олег Ажимов әскери ант қабылдау рәсімін ашу барысында әскери анттың қасиетті сөздерінің маңыздылығын атап өтті, әскери кафедра курсанттары барлық оқу кезеңінің 2018 жылғы түлектерінің, оқу жиынын қорытындылады, сондай-ақ әскери кафедрада оқитын студенттерді ғана емес, солармен қатар ЖОО студенттерін және Алматы қаласы оқушыларын тәрбиелеудің жоспарланған жұмыстары жүргізілетінін айтты. Полковник Олег Ажимов университет және әскери кафедра тарихында запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасын табысты меңгерген студент-қыздар екінші рет әскери ант қабылдағанын ерекше атап өтті.

Мерекелік митингте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры, академик Мұхамбетқали Бүркітбаев, Д.Қонаев атындағы Евразиялық заң академиясының ректоры Жалаири Омрали, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қарулы Күштердің ардагері отставкадағы полковник Казбек Мамсуров, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Александр Белянов, Алматы қаласы Маслихатының құрметті депутаты, белгілі қазақстандық байкер Дмитрий Первухин және оқу озаты, дзюдо бойынша спорт шебері Ильяс Ерланұлы сөз сөйлеп құттықтады.

Мерекелік митинг барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы курсанттары қарумен саптық, қоян-қолтық ұрыс әдістерін мен саптық ән орындау шеберлігін көрсетіп қана қоймай, курсанттар вальсін орындады.

Өткізілген іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің барша үлкен ұжымына, студенттері мен курсанттары үшін үлкен мереке болып, қазақстандық жас ұрпақтардың азаматтық және патриоттық тәрбиелеуіне ықпалын тигізгендігі анық.