- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Ата заң күні аталып өтті
31.08.2018ҚазҰУ-да «Қазіргі Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісім моделі» атты ҚР Конституциясы күніне арналған конференция болып өтті.
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу» орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға отандық ғалымдар, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдар мен саяси партиялардың арнайы өкілдері қатысты.
Мақсат – конституциялық негізді түсіндіру арқылы Қазақстан Республикасындағы зайырлықты насихаттау, дәстүрлі діндер мысалында жастардың рухани өнегелігін және тұрғындар арасында төзімділік санасын қалыптастыру болып табылады.
Конференцияға қатысушылар Қазақстан Республикасындағы мәдени және дінаралық келісімді қалыптастырудың заңнамалық негіздерін, ҚР Конституциясына сай азаматтардың дін саласындағы құқықтары мен міндеттерін, экстремизмнің алдын алу және Алматы қаласының территориясындағы этносаралық қақтығыс көріністерін болдырмау жолдарын талқыланды. Атап айтар болсақ жастар арасындағы экстремизмнің орын алу себептері және экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары туралы сөз етілді. Сонымен қатар еліміздің ынтымақтастығын күшейтуге бағдарланған этно-мәдени бірлестіктердің түрлі шараларын өткізу мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ олар еліміздегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қолдаудың теориялық және практикалық тәжірибесін насихаттау мен зерттеудің өзектілігін атап өтті.
Алға қойылған міндеттерді шешу Қазақстан Республикасының Конституциясы шеңберінде азаматтық қоғам институттарының әлеуетін одан әрі нығайтуға баса назар аударылды. Оның ішінде атап айтар болсақ этномәдени, жастар, қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдар, барлық деңгейдегі билік органдары және дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Және де жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыру, этносаралық және дінаралық қарым-қатынастар, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам арасындағы өзара байланыс пен әлеуметтік әріптестікті орнату мәселелері де кеңінен талқыға түсті.
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы