Жаңалықтар

Фармацевтика бойынша жаңа мамандық ашылды

04.09.2018

Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚазҰУ жаңа салада мамандарды даярлау мүмкіндігіне ие болды.

ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультеті органикалық заттар, табиғи қосылыстар және химия полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасында 5В074800 - «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша білім алып, бакалавриат дипломын алуға болады.

Болашақ түлектер – инженер-технологтар дәрілік препараттар өндіретін химиялық-фармацевтикалық кәсіпорындар мен фармацевтикалық фабрикалардың барлық салаларында тәжірибеден өтіп, жұмыс істеу құқығына ие бола алады.