Мысыр елінің үрдісі бойынша жоғары мектепті ең үздік бітірген түлектерін мемлекет жыл сайын әлем елдеріне тегін саяхат жасатады. Осы дәстүрмен биыл ҚазҰУ-ға 17 студент арнайы келді.
Бұл туралы Қазақстандағы Мысыр Араб Республикасы елшілігі жанындағы мәдениет және білім беру істері орталығының директоры Хамдан Ибраһим айтты. Оның айтуынша, 56 жыл ішінде мысырлық жоғары мектептің үздік түлектері Шығыс елдеріне алғаш рет келген. «Мысырдағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Арман Исағалиевтің ұсынысымен биылғы әл-Азһар жоғары мектебінің үздік түлектер тобы қазақ еліне келді. Бұл жарты ғасырдан астам уақытта Шығыс елдеріне жасалған алғашқы сапар. Себебі осыған дейін МЖМ үздік түлектер тобы Еуропа елдеріне сапар шегетін»,- деді директор. Он күнге жоспарланған үздік түлектер сапарын мысырлық мемлекеттік «әл-Жумһурия» басылымы демеушілік жасайды екен. Сондықтан делегаттар тобында 12 газет тілшілері тағы бар.
Журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубек келген қонақтарды университеттің бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырып, әріптестер өз елдеріндегі бұқаралық баспасөздің шығу тарихы мен бүгінге дейінгі даму деңгейін кеңінен талқыға салды.
Баспасөз қызметі

