Жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдарының қатысуымен ЮНЕСКО- ның 2010 жылғы халықаралық семинары өтті

07.09.2010

ЮНЕСКО Ассамблеясы 2010 жылды “Бүкіл әлемдік биологиялық алуан түрлілікті сақтау” жылы деп жариялады.

Осы шешімге сәйкес 2010 жылдың мамыр айында Алматы қаласында Орта Азия елдерінің ЮНЕСКО кластерлық бюросы “Биосфералық қорлардың номинациясы және транс шекаралық биосфералық аймақтарды ұйымдастыру туралы”семинар тренингті өткізді. Семинарды қолдаушылар “Адам және биосфера” бағдарламасының секретариаты және ПРООН-ның ГЭФ проектісі. Семинар жұмысына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті белсенді қатысты. Профессор А.Б. Биғалиев “Қазақстан республикасында биосфералық қорларды ұйымдастыру тәжірибесі” тақырыбында баяндама жасады.

Шараға профессор М. Суков Грайфсвальд университеті, Германия және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, профессор А.Б. Биғалиев қатысты. Семинардың қабылданған резолюциясында Ұлттық комитеттер мен және ЮНЕСКО комиссиясының қызметін “Биологиялық алуан түрлілікті сақтау” саласында қарым-қатынасты дамыту туралы нақты шаралары белгіленген. Дәл осындай Бүкіл әлемдік маңызы бар мәселелер Сеул қаласында (Оңтүстік Кореяда)25 шілде мен 1 тамызда өткен халықаралық семинарда “UNESCO Science Education Workshop on Biodiversity and Sustainable Development in Asia and the Pacific” талқыланды. Семинар жұмысына арнайы шақырылған қонақтардың қатарында профессор А.Б. Биғалиев пен Phd докторанты Д. Бегімбетова жасаған баяндамасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының өз елінде “Биологиялық алуан түрлілікті сақтау” саласында жасалып жатқан жұмыстарды ортаға салды. Демек, осы салада білім тарату, орта мектеп және жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына енгізу және атқарылып жатқан ғылыми зерттеу жұмыстары аясында болды. Баяндама өте жылы қабылданып, кеңінен талқыланды. Өткен семинар “Биологиялық алуан түрлілікті сақтау” саласында пікір алмасып, болашақта негізгі ғылыми бағыттарды анықтауға мүмкіндік берді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі