Жаңалықтар

Инвесторлар аурухана салуға ниетті

18.10.2018

Оңтүстік Кореяның инвесторлары ҚазҰУ-дың студенттік ауруханасының құрылысын қаржыландыруға ниетті. Бұл туралы ҚазҰУ басшылығы DK Consultants компаниясының президенті Дэвид Ким бастаған Корей делегациясымен кездесу барысында айтылды.

Кездесуді ашқан ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев биомедицина кластері саласындағы университеттің қызметі, академиялық ұтқырлық бағдарламасының студенттері мен оқытушылары үнемі араласатын Оңтүстік Корея университеттерімен ынтымақтастық туралы және университеттің жоспарлары мен болашақ жобалары туралы айтып берді.

Атап өту керек, университетің ғылыми білім беру және ауруханадағы тәжірибені жалғастыру үшін Алматы қаласының әкімдігі ҚазҰУ ұжымына қалалық емханалардың бірін пайдалануға берген болатын. Бұл халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып қана қоймай, ғалымдардың тәжірибесі мен диалогын, денсаулық сақтаудың түрлі салаларында медицина факультетінің ҚДСЖМ студенттеріне, жас дәрігерлер мен мамандарға тәжірибе алмасуға және біліктіліктерін арттыруға бірігей мүмкіндік береді.

ҚазҰУ биомедициналық кластер құру жобасының шеңберінде университеттің инфрақұрылымын дамытуға үлкен көңіл бөледі. 2014 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен Енсе университеті жанындағы Кангнам Северанс ауруханасымен бірлесе ҚазҰУ-дың диагностикалық орталығы ашылған. Корей университеттерімен құрылған халықаралық медициналық кластер олардың медицина және денсаулық сақтау саласындағы медицина орталықтары мен трансұлттық компаниялар «үш еселенген спираль теориясын» - университет пен бизнес және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастастықты көрсетеді.

«Мұндай ынтымақтастық экономикалық субъектілер арасындағы өзара іс-қимылдың мультипликативтік әсерін қамтамасыз етеді. Бұл бір-бірімен тәжірибе алмасуға, жаңа технологиялар мен қызметтерді жасауға, сондай-ақ білім беруді интернационалдандыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді», – деді М. Бүркітбаев.

Өз кезегінде Оңтүстік Кореядан келген инвесторлар аурухана құрылысына үлкен қызығушылық танытты. Кездесу барысында ҚазҰУ-дың студенттік ауруханасы құрылысының жалпы мәселелерін талқылап, осы жобаның негізгі басымдықтарын белгіледі. Болашақ жастарға арналған студенттік аурухана 5 гектар аумаққа салынады деп күтілуде. Алдын-ала келісім бойынша Оңтүстік Кореяның инвесторлары Алматыда төрт аурухана ғимаратын тұрғызуды жоспарлап отыр, оның біреуі ҚазҰУ кампусы аумағында қаланатын болады.

 

Баспасөз қызметі

www.kaznu.kz