- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Академиялық ашықтық
28.10.2018Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР БҒМ вице-министрі Асхат Аймағамбетов пен ЖОО-лар ректорларының қатысуымен жоғары оқу орындар қауымдастығының «Академиялық адалдық лигасына» қатысты мәселелері талқыланды.
Вице-министр конференция жұмысын аша отырып ҚР БҒМ мен еліміздің жоғары оқу орындары мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының міндеттерін орындай отырып, «Қазақстанның 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарының 78 қадамын жүзеге асырудағы ЖОО-дағы академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңмен кеңейту процессіне кірісіп кеткендігін айтты. Осыған байланысты еліміздің жоғары оқу орындары бүгінде оқу бағдарламаларын дербес түрде анықтап, академиялық, әкімшілік және қаржылық мәселелерін өздері шешуде. Мұндай ауқымды өкілеттіліктер жоғары оқу орындардың жауапкершілігін арттырып, өзін-өзі реттеу институттарын қалыптастыруды қатар алып жүруді міндеттейді. Аталмыш бағыттағы жұмыстың нәтижесі бойынша 24 жоғары оқу орны біріге отырып «академиялық адалдық лигасын» құрды. Әлемдік тәжірибеде мұндай қауымдастықтар АҚШ, Ұлыбритания, ҚХР, Австралия және де басқа елдерде болған.
Лиганың негізгі қағидаларында оқыту сапасына, студентерді қабылдаудың ашық процессін қамтамасыз етуге, жұмысқа қабылдауға, оқыту нәтижелерін бағалау мен антиплагиатқа жазбаша жұмыстарды тексеру қарастырылған. Сарапшылардың пікірінше, бұл шаралардың барлығы, басқа да жүйелі механизимдерді қоса алғанда, жоғары білім беру жүйесін одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Конференцияның жұмысы барысында «Академиялық адалдық Лига» ЖОО-лар қауымдастығының жұмысын одан әрі жандандыруға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ 2019 жылға арналған жұмыс жоспарлары талқыланып қана қоймай, Лигаға кіру құрамы мен шарттары, «Turnitin» плагиатына тексерудің қамтамасыз ететін бағдарлама сатып алу мен ЖОО-лар мен академиялық адалдық саясатын жетілдіру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар М.С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ-дың академиялық жұмыс және ғылым проректоры М. Дауленов пен Назарбаев университетінің академиялық мәселелер жөніндегі вице-министрі Лоуретта О’ Донелла, ҚазҰУ ректоры Ғалым Мутанов өз ұсыныстары мен пікірлерін айтты.
Кездесу соңында қатысушылар 10 қарашаға дейін ҚР барлық ЖОО-лары «Академиялық адалдық лигасы» жоғары оқу орындарының қауымдастығына кіру жөнінде шешім қабылдау керек деген шешім қабылдады. Ал үлгермегендер үшін жоғары оқу орындары қауымдастығына кіру бойынша кандидаттар мәртебесі ашылады.
Баспасөз қызметі