Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық QS (Quacquarelli Symonds) рейтингісінде Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы 20 үздік университеттер қатарына енген Қазақстан ЖОО арасында бірінші білім ордасы атанып, әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде жоғары бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Рейтинг сауалнамаларында университеттер тарапынан жүргізілген академиялық зерттеулердің саны және әлемдік беделі ескерілді.
Рейтингте ҚазҰУ 19-шы орынды иемденді. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның үздік 300 жоғары оқу орындарының қатарына қазақстандық 25 ЖОО ғана енді.
https://www.topuniversities.com/university-rankings/eeca-rankings/2019
www.kaznu.kz