Жаңалықтар

Жерді қашықтықтан зондтау орталығы ашылды

22.11.2018

ҚазҰУ-да алғаш рет Жерді қашықтықтан зондтау орталығы ашылды. Жоба ҚХР Ғылым Академиясының аэроғарыштық ақпарат ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп жүзеге асырылды.

Алғы сөзінде ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов әріптестеріне алғысын білдіріп, ҚХР-мен достық қарым-қатынасты дамыту Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. ҚазҰУ халықаралық ғылыми бағдарламалар шеңберінде және жоғары оқу орындары арасындағы ҚХР университеттерімен белсенді ынтымақтастыққа мүдделі. Жерді зондтау орталығының ашылуы екі елдің жоғары оқу орындары арасында тығыз және достық қарым-қатынастың жарқын мысалы болып табылады.

Орталық ғылыми, қолданбалы және білім беру салаларында "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы бойынша қызметті жүзеге асыратын болады. Бұл "Картография және геодезия", "Ғарыштық техника және технологиялар" мамандықтары бойынша мамандар даярлау процесін айтарлықтай жеделдетеді. Сондай-ақ магистранттар мен докторанттар Пекиндегі ҚХР Ғылым Академиясының аэроғарыштық ақпарат ғылыми-зерттеу институты мен орталықтарда білім алып, тағылымдамадан өтеді.

Бұл зондтау нақты уақыт режимінде Қашқар қаласының қабылдау станциясының базасынан жөнелтілетін болады. Өз кезегінде бұл қоршаған ортаны, табиғи ресурстардың, ауыл шаруашылығының жай-күйін қадағалау және мониторингілеу жөніндегі жұмыстың сапасын едәуір жақсартады. Және жергілікті жердің ғарыштық түсірілімін жасауға, геология және картографиялауда зерттеулер жүргізу, табиғи және техногендік сипаттағы жағдайлардың алдын алуға кең мүмкіндіктер ашады.

Мамандардың пікірінше, мұндай орталық "Ғарыштық техника және технология" мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін тәжірибелік платформа болмақ. Сондай-ақ ғалымдар серіктестермен бірлесіп болашақта жерді қашықтықтан зондтау нәтижелерін коммерциаландыруға ниетті екендіктерін атап өтті.  

Баспасөз қызметі

www.kaznu.kz