2010-2011 оқу жылына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс магистратурасының 19 магистарантты Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Желілік университетінің магистратурасына қос диплом бағдарламасы бойынша «Халықаралық менеджмент», «Халықаралық жобаларды басқару», «Халықаралық сауда-саттық», «Орыс тілі және әдебиеті» және «Халықаралық құқық» мамандықтарына оқуға жіберіледі.
Барлық қабылданған магистранттар Ресейдің жоғары оқу орындарына (Ресей халықтар достастығы университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Новосібір мемлекеттік университеті) бір жыл бойы білім алады.
Қос дипломдық бағдарлама бойынша білім алудың екінші оқу жылы Қазақ ұлттық университетінде өтеді. ТМД Желілік университетінің білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген магистранттарға екі бірдей жоғары оқу орындарының дипломы табыс етілетін болады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты