Жаңалықтар

ЮНЕСКО медаліне ие болды

27.11.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химиялық физика және материалтану кафедрасының профессоры Мансұров Зұлхаир «Наноғылым мен нанотехнеологияларды дамытуға қосқан үлесі үшін» ЮНЕСКО-ның медаліне ие болды.

ЮНЕСКО медалі 2010 жылы «Өмір тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінің энциклопедиясында» «Наноғылым және нанотехнологиялар» бөлімін әзірлеу жөніндегі халықаралық комиссияның бастамасы бойынша құрылды, және жыл сайын Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде наноғылым мен нанотехнологияларды дамытуға ықпал ететін жетекші ғалымдарға, қоғамдық қайраткерлер мен ұйымдарға тапсырылады.

Профессор З.А. Мансұров нанокөміртекті матеиалдар, көміртекті нанотүтікшелер мен графеннің өндірісіне маңызды үлес қосты. Оның зерттеу жұмысы көміртегі жануының кинетикасы мен механизмдерін зерттеу, көмірсутек жалыны мен күйенің құрылымы және нанокөмірсутекті материалдардың функцияларын зерттеуге бағытталған. Профессор З.А. Мансұровтың зерттеуі барысында алынған ғылыми нәтижелері нанотехнологияны одан әрі дамытуда шешуші рөл атқарады.

www.kaznu.kz