Жаңалықтар

Жапония студенттері ҚазҰУ-дың қысқы мектебінде 18.02-11.03.2017

12.03.2017

Сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту, университеттің стратегиялық дамуын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ, білім және ғылым саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандум шеңберінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Васэда Университетімен (Жапония) бірге 2017 жылғы Қысқы мектепті ұйымдастырды. Аталмыш мектепке профессор Атцуши Огихараның жетекшілігімен келген, Орталық Азияны зерттеуге мамандандырылған 8 студент қатысты.

      Шетелдік студенттерге далалық зерттеуге байланысты “Аймақтану. Орталық Азия саясаты, экономикасы және мәдениеті” атты курс ұсынылды. Арнайы мамандандырылған «Қазақстан мен Орталық Азиядағы мәдениеттер диалогы» курсыВаседа Университеті (Жапония) және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы бірлескен ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту мақсатында өткізілген болатын. Профессор Огихара ҚазҰУ табыстаған арнайы сертификаттар мен транскриптілердің қысқы мектепке қатысушылар үшін маңыздылығын атап өтті.

     Бағдарламаның бастамасы ретінде Васэда университетіWAMIPOP жобасының аясында жапон тағамдарының көрмесін өткізді. Көрме барысында Васеда Университетінен келген делегация жапондықтардың ұлттық тәттілері “каринтоу”-ды әзірлеу құпияларымен бөлісіп, факультет студенттері де оларды дайындау мүмкіндіктеріне ие болды. Нәтижесінде, студенттер шағын жәрмеңке ұйымдастырып, аталған тәттілерден барлығы дәм ауыз тие алды.

    Қысқы мектеп шеңберінде ендігі дәстүрге айналған 17-ші Халықаралық студенттік симпозиум өтті. Биылғы жылы «Ата-анаңыздың ұзақ мерзімді күтімін кімге сеніп тапсырасыз?» деген тақырып таңдалды. Студенттер коммуникативті қарым-қатынастың интерактивті формаларын қолдана отырып, жапон тілінде талқылаулар жүргізді. Дискуссиядан кейін Васедалық студенттер жапондықтардың мисо сорпасы мен шәйін әзірлеп, симпозиумның барлық қатысушыларын сыйлады, сондай-ақ, жапондардың танымал биін билесе, ал қазақстандық студенттер өз кезегінде домбырадаәсерлі күй орындап берді. Симпозиум университеттердің әнұраны мен девиздерін орындаумен аяқталды.

    Дәстүрлі түрде қабылдаушы жақ жапон студенттерін қазақ мәдениетіментаныстыру мақсатында, Хоумстей бағдарламасымен қазақ отбасыларына қонақ болуды ұсынды.

    ВаседаУниверситетіменқарым-қатынассонау 2009 жылдан бері созылып келеді. Содан бері Профессор Огихараның бастамасымен қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін зерттеуге бағытталған студенттердің бірталай ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Олар профессор Огихараныңзертханасының нәтижесі ретінде белгілі. 2017 жылы ҚазҰУ-дың бастамасымен университетте Васеда Университетінің гуманитарлық ғылымдар зертханасы жұмысын бастады, ал Васеда Университетінде Әл-Фараби ҚазҰУ орталығы ашылу жоспарланған. Бұл біздің университеттің басшысы академик Ғ.М. Мутановтың бастамасымен жүргізіліп отырған ҚазҰУ кампусының «SmartUniversity» жобасы бойынша жаңа территориясы болмақ.Smart университет өз шекарасын кеңейтуде.