Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев Оңтүстік Африканың Қазақстан, Түрікменстан, Қырғыстан, және Тәжікстандағы елшісі Кийтуметци Сейпело Сандека Мэттьюспен іскерлік кездесу өткізді.
Кездесу мақсаты алдағы уақытта «Нельсон Мандела мұрасы» атты халықаралық дөңгелек үстелдің ҚазҰУ-да өтуіне байланысты аталмыш шараның жай-жапсары талқылау. Сонымен қатар тараптар ынтымақтастыққа ықтимал бағыттар туралы әңгіме өртбітті.
«ҚазҰУ Қазақстандағы жетекші оқу орындарының бірі және де әлемдік рейтингтегі көрсеткіштері де көптің алдында келеді. Осындай білім мен ғылымды қатар алып замауаи бағытта ұштастыра білген оқу орныны мен бірлесе отырып «Нельсон Мандела мұрасы» атты халықаралық пікір алмасып Манделаның мұрасын насихаттау бағытындағы дөңгелек үстелді өткізу біз үшін ерекше құрмет деп білемін»,-деді елшіс Кийтуметци Сейпело Сандека Мэттьюс.
Аталмыш дөңгелек үстел 4 кезеңнен тұрады деп жоспарлануда атап айтар болсақ; Оңтүстік Африканың конститутциялық құрылымы, қайта өрлеу мен кешірімшілдік, білім мен мәдениет, әлем үшін күрестегі музыканың рөлі атты бөлімдерден тұрады. Шараның басты мақсаты әлемдік даулы жағдайларда «Нельсон Мандела мұрасын» қалай қолдануға болды деген сұрақтарға жауап беру мен қатар әлемді ауызбіршілк пен бейбітшілікке шақыру болып табылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың бірінші проректоры аталмыш шараның университет үшін маңыздылығын ерекше атап өтті. «ҚазҰУ өз студенттеріне білім мен ғылымды ғана беріп қоймай адамгершілік қасиеттерді де бойларына дарытуға ерекше мән береді. Өйткені осындай сауатты әрі адамдық пен ел тыныштығын алдыңғы қатарға қоятын азаматтар тәрбиелеу арқылы, әлемдегі бейбітшілік үшін атқарылып жатқан жұмыстарға біз де, өз үлесімізді қосып келеміз деп сенемін»,-деді Мұхамбетқали Бүркітбаев.
Баспасөз қызметі
www.kaznu.kz